RU
Алматыда қоқыс таситын КамАЗ төрт бірдей көлікті жапырып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда қоқыс таситын КамАЗ төрт бірдей көлікті жапырып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы орталығында қоқыс жинауға келген жүк көлігі ірі көлік апатына себепкер болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

сусор

Жол апаты Сәтпаев көшесінде Назарбаев және Достық даңғылдары арасындағы аулалардың бірінде болған. Куәгерлер мен КамАЗ жүргізушісінің сөзіне сүйенсек, жүк көлігі қоқысты алып кету үшін аулаға кіргенде, бір көлік оған кедергі жасапты.

сусор
КамАзды қол тежегішпен тоқтатып қойып, жүргізуші көліктен шығып, жолында тұрған автомобильдің иесін іздемек болғанда, жүк көлігі кенет жүріп кетіп, бар екпінімен Toyota Сorolla көлігін қағады, ал ол гараждардың төбесіне шығып кетіп, Toyota Rav 4 көлігінің үстіне құлаған.
сусор

КамАЗ әрі қарай сол жақ қырымен гараждарға соғылып, бір қырына құлап, Toyota Avensis пен KIA Cerato көліктерін басып қалыпты.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір