RU
Сағадиев: Қазақстандыққа тұрмысқа шығындар, жағдайларыңды жасайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағадиев: Қазақстандыққа тұрмысқа шығындар, жағдайларыңды жасайды

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министріне баспасөз мәслихаты барысында қай елде сапалы білім алуға болатынын және қай мемлекет азаматына тұрмысқа шығу керектігі туралы сұрақ қойылды. Ерлан Сағадиев тосыннан қойылған сауалға жауап беріп, көпшілік қошеметіне ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sck.kz

Фото: sck.kz

Білім және ғылым министрлігінің басшысына журналистика студенті сапалы білім беретін үздік шетелдік оқу орнын атауын өтінген. Біліммен қоса қыздар қауымының көкейінде жүрген сауалды да қойып үлгерді.

"Тұрмысқа сәтті шығу үшін қай ел азаматын таңдау керек?", - деді ол.

Ерлан Сағадиев күтпеген жерден қойылған сауалға таңғалғанымен, оқиғадан сәтті шыға білді.

"Қазақстандыққа тұрмысқа шығыңыздар! Сол кезде жағдайларыңыз да жақсы болады. Сөзіме сенсеңіздер!", - деп жауап қатты министр.

Оның жауабына риза болып, баспасөз мәслихатына қатысып отырған көпшілік шапалақтарын аямады.

Сағадиев әрбір мемлекетте жақсы және нашар оқу орындары болатыны заңдылық екенін атап өтті.

Оның айтуынша, сапалы білім алу адамның өз талпынысына тікелей байланысты. Жақсы білімді өз елімізде де алуға болады деп өз оқу тәжірибесіне сүйене отырып сендірді министрлік басшысы.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір