RU
ОҚО-да өз баласын өлімші етіп сабаған қатыгез ана сот залынан босап шықты
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да өз баласын өлімші етіп сабаған қатыгез ана сот залынан босап шықты

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында алты жасар баласын өлімші етіп сабаған анаға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

баласн

37 жастағы Назира Бекбаева 5 жылға бас бостандығынан айырылса да, сот залынан босатылды.

Тергеу барысында келіншек ұлын дәптерге дұрыс жазбағаны үшін ұрғанын айтқан еді. Сот отырысы кезінде екі баласы бар әйелдің қылмысы толығымен дәлелденді.

Ол тіпті өзінің баласын таяқпен ұрғанын мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Сот төрағасы Қайрат Қоңырбаев айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-ші бөлігі 4,11 тармақтарымен және 140 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда асырауында кәмелетке толмаған бір қыз, бір ұл бар екенін ескере отырып, жазаны өтеу мерзімін 5 жылға кейінге қалдырған.

Сонымен қатар, Сайрам аудандық білім бөліміне Нәзира Бекбаеваның балаларының жағдайын қадағалап, тәрбие беру мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Сот залында айыпталушының қолынан кісен шешіліп, ол босатылды. Көзіне жас алған келіншек балаларына дұрыс қарауға уәде берді.

Айта кетейік, келеңсіз жағдай өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданына қарасты Мәдени ауылында болған еді. Айыпталушы Нәзира Бекбаева 6 жасар баласын аяусыз ұрып-соғып, ауыр соққыдан ұлы ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
6
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір