RU
Білім министрі Шымкентте босанған 13 жасар оқушы туралы пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Білім министрі Шымкентте босанған 13 жасар оқушы туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке есептік кездесу соңында мемлекетте орын алған екі төтенше жағдай жөнінде сұрақ қойылды. Ақпарат өкілдерінің сауалдарына қатысты министр өз пікірін білдірген деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: altaynews.kz

фото: altaynews.kz

Журналистер Сағадиевке ШҚО-да босанған баласын әжетханаға тастап жіберген ұстаз бен ОҚО-да балалы болған оқушы қызға қатысты пікір білдіруін сұраған.

"Мұндай оқиғалар қоғамда болып тұрады. Болашақта да болары сөзсіз. Бұл тұрғыда, министрлік мұндай мәселелердің жүйелік сұрақтарымен айналысады. Олардың болашақта азаюына септігімізді тигіземіз", - деп айтты министр.

Оның айтуынша, бұл оқиғалар ата-аналар мен мектеп ішіндегі жағдайға тікелей байланысты.

Сағадиев еліміздегі аса күрделі екі жүйелі мәселені атап өтті. Ата-аналардың мектеп жиналысына келмеуі мен психологтар жұмысының әлсіздігі - министрдің ойынша, Қазақстанда әлі де шешілмей тұрған маңызды проблемалардың бірі.

"Финляндия мен Қазақстанды салыстырсақ, оларда ата-аналардың 94 пайызы мектеп жиналысына келсе, біздің елде баласының жиналысына келетіндер бар болғаны 10 пайызды ғана құрайды. 9 есе төмен болу елеулі түрде сезіледі", - деп салыстыра кетті министрлік басшысы.

Сонымен қатар, министр психолог мамандар жұмысының әлсіздігі мен олардың тапшылығын атап өтті. Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздан бөлек тағы психологтардың да маңызы бар деп есептейді ол.

"Министрлік тарапынан психолог мамандар санын көбейтіп, олардың жұмыс сапасын жақсарту мен балалармен жұмыс жүргізудің жаңа әдістерің ұсыну қолға алынбақ", - деп қорытындылады Ерлан Сағадиев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
1
2
1
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel