RU
Ноғаев: Біздің дәрігерлердің өздері де туберкулезден қорқады
Жаңалықтар Қоғам

Ноғаев: Біздің дәрігерлердің өздері де туберкулезден қорқады

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев фтизиатр-дәрігерлердің санын көбейту үшін оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешпекші деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ноғаев

Нұрлан Ноғаев

"Туберкулезбен ауыру көрсеткішін төмендету үшін, ең әуелі, науқастар дәрігердің берген нұсқауларын қатаң сақтауы керек. Қазіргі кезде, өкінішке орай, жазылған дәрілерді, процедураларды уақытында алмау кесірінен бұл ауру өршіп тұр.

Өткен аптада біз республиканың бас фтизиатры, туберкулез мәселелері жөніндегі институт басшысының қатысуымен үлкен жиналыс өткіздік. Сол жиында туберкулезбен күреске қатысты бірқатар шара бекітілді.

Институт директоры айтқандай, бізде қазір дәрігерлердің өздері бұл ауру түрінен қорқады.

"Туберкулез – қауіпті ауру" дей бергеніміздің салдарынан болашақ дәрігерлер осы мамандыққа баруға жүрексінеді екен. Сондықтан фтизиатр-дәрігерлерін дайындау мәселесі өте өзекті", — деді әкім ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Аталған жұмыс қарқынды жүргізілсе фтизиатр-дәрігерлер тапшылығын жуық арада жоятынын алға тартқан Ноғаев дәрігерлерге үй беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешпекші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel