Жазға бір ай қалғанда Қарағандыда қар жауып, күн суытып кетті (фото)
Опубликовано:
Қарағанды облысында қар жауып, ауа райы күрт суып кетті деп хабарлайды NUR.KZ. +3 градус температура көрсетіп тұрғанына қарамастан, шатырлар мен жерде жапалақтап жауған қар жатыр.
Суық ауа массалары Олардан келгенге ұқсайды. Синоптиктер хабарлауынша, ол жақта 23-24 сәуір күндері тоқтамастан қар жауып, жолдарда көлік кептелісі пайда болған.
Қарағанды мен Шахтинскіде 24 сәуір күні ауа райы жылы болып, аздап жаңбыр жауып тұрған.
Айта кетерлігі, аймақтағы ағаштар бүр жара бастаған. Ал қар болса ұшқындап жауып, көше көктайғаққа айналуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728752-zazga-bir-aj-kalganda-karagandyda-kar-zauyp-kn-suytyp-ketti-foto/