RU
Ауа райы: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Рассказать Вконтакте

26 сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашын күтілмейді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Жауын. Көрнекі фото: WallBox.ru

Жауын. Көрнекі фото: WallBox.ru

Оңтүстік-шығыста бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман болады.

Павлодар облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде найзағай, Атырау облысында тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір