RU
Қарағандыда атқамінерлер Сағынтаев келді деп жаңбырға қарамай дайындалған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда атқамінерлер Сағынтаев келді деп жаңбырға қарамай дайындалған (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының атқамінерлері премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың сапарына қызу дайындалды. Қаланың жаманын жасырып, жақсысын асырғысы келді ме, шенеуніктерді толассыз жауған жаңбырдың өзі тоқтата алмады деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот видеодан

Скриншот видеодан

Телеарнаның хабарлауынша, соңғы бір тәулікте ғаламтор желісінде жаңбырға қарамай жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың бейнежазбасы қаптап кеткен.

Премьер-министрдің Жезқазған қаласына баратыны белгілі болған соң жергілікті коммуналдық қызметкерлер аяқтарынан тік тұрған. Тіпті, өңі кеткен темір қоршауларды сырлау үшін жұмысшыларға жаңбыр да кедергі болмаған.

Қарағанды қаласында бір түннің ішінде жолақтар сызылып, жолдар айнадай жарқырап шыға келген. Әсіресе, қаланы көркейту жұмыстары Бақытжан Сағынтаевтың қозғалыс бағыты бойынша қызу жүріп жатты.

Ал жол сақшылары орталық көшелерде әр метр жерде қоғамдық тәртіпті бақылап тұрған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
8
2
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір