RU
Корольдік "Реал" азулы неміс клубын өз алаңдарында жеңіп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Корольдік "Реал" азулы неміс клубын өз алаңдарында жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында мюнхендік «Бавария» мадридтік «Реалды» қабылдады деп жазады Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

бАВАР

Бірінші таймның ортасында Хаместен пас алған Джошуа Киммих әдемі соққымен алаң иелерін алға шығарған. Бұған мадридтіктер Марселоның голымен жауап қатты.

Үзіліске кетер тұста бразилиялық қорғаушы алыс бұрышты дәл көздеп, есеп теңестірді.

Ал екінші таймда бас бапкер Зинедин Зидан алаңға Марко Асенсионы шығарған. Бұл шешімі көп ұзамай жемісін де берді. Қорғаушылардың қателігінен кейін Асенсио гол соғып, қонақтарды алға шығарды.

«Бавария» ойыншылары таразы басын теңестіруге талпынғанымен, Кейлор Навас өз қақпасын екінші голдан аман сақтады.

Қорытынды есеп – 1:2, «Реал» сырт алаңда жеңіске жетті.

Енді бұл жұптың қарымта матчы 1 мамырда өтеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel