RU
Қайрат Нұртастың әйелі көпшілікті өзі келін болған киелі жерге шақырды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың әйелі көпшілікті өзі келін болған киелі жерге шақырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың айдай сұлу жары Жұлдыз Әбдукәрімова енді қасиетті мекен Түркістан қаласына туристерді тартуды қолға алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қайрат Нұртастың

Әйгілі хитменнің он жыл бойы жасырған өмірлік серігі жұртшылықты өзі келін боп түскен қасиетті мекенді көруге шақырды. Яғни, ол халықты рухани астанаға барып зиярат етуге үгіттеді.

Оның көпшілікті Түркістанға шақырып тұрған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

«Болашағымыз, тарихымызды білу міндетті. Сондықтан мүмкіндіктіріңіз болып жатса, жазғы демалыста бала-шағаларыңызбен осы қасиетті жерге келіңіздер», - дейді әншінің жары, әрі актриса.

Айта кетерлігі, актрисалық қабілетімен көпшіліктің жүрегін жаулап үлгерген Жұлдыздың күйеуі - әнші Қайрат Нұртас дәл осы Түркістан қаласының тумасы болып табылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
7
1
0
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір