RU
Ақтауда оқушы өзіне қол салған мектеп басшылығы жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда оқушы өзіне қол салған мектеп басшылығы жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда Мадина Нарымбаева есімді оқушы өзіне қол салғаннан кейін №4 мектеп-гимназияның директоры, тәрбие жөніндегі директордың екі орынбасары және сынып жетекшісі жұмыстан қуылды. Бұл туралы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жұмыстан кету. Фото: 161.ру

Жұмыстан кету. Фото: 161.ру

Сәуірдің басында болған қайғылы жағдайдан кейін мектеп директоры дереу жұмысынан кеткен. 24 сәуір күні сынып жетекшісі, орыс тілінің мұғалімі Нина Вареник, сонымен қатар тәрбие жөніндегі директордың орынбасарлары Наталья Висханова мен Валентина Малых жұмыстан шығарылды.

Бүгінде мектепке Жанаргүл Жұмашева есімді жаңа директор тағайындалған. Ол аталмыш қызметкерлер өз жұмысына атүсті қарағанын айтуда.

Оқушы қыздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Еске салсақ, алтыншы сәуір күні оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, өзіне қол салған болатын. Қыздың ата-анасы оқушының қазасына сынып жетекшісін кінәлап отыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір