RU

Пойызда жыныстық қатынасқа түскен жұп ескерту жасаған жолаушыға тап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Берлиндегі пойыздардың бірінде төсек қатынасына түскен жұп, оларға ескерту жасаған жолаушы қызды соққыға жықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы germania.one сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пойыз. Фoтo: bild

Пойыз. Фoтo: bild

Жексенбі күні шамамен сағат 11:З0-да 36 жастағы әйел 38 жастағы азаматпен вагон ішінде көптің көзінше жыныстық қатынасқа түсе бастайды.

Олардың әрекетін, тіпті кішкентай балалар көріп отырған. Бұған шыдамы таусылған 18 жастағы жолаушы бойжеткен қос ғашыққа доғаруын сұрап, ескерту жасайды.

Нәтижесінде ескерту алғанына ашуланған әйел бойжеткенге тіл тигізіп, оны бетінен ұрады. Содан кейін бойжеткеннің 19 жастағы жолдасына тап беріп, оны да ұруға кіріскен.

Сол арада төбелеске 38 жастағы ер адам араласпақ болғанда, өзге жолаушылар оны тоқтатып, пойыздың апаттық тетігіне басады.

Жыныстық қатынасқа түскен жұп қашып үлгергенімен, оларды полиция бейнебақылау камерасы арқылы тез тауып алған. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пойызда жыныстық қатынасқа түскен жұп ескерту жасаған жолаушыға тап берді
Mailfire view pixel