RU
Алматыда екі жасар сәби қайтыс болған клиникада тексеру жүріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда екі жасар сәби қайтыс болған клиникада тексеру жүріп жатыр

Рассказать Вконтакте

"Достар Мед" емханасында сәбидің шетінеуі бойынша арнайы комиссия тексеруді бастады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова хабарлады.

Алматыда сәбидің отадан кейінгі қазасынан соң жеке клиника те

Алматыда сәбидің отадан кейінгі қазасынан соң жеке клиника те

"Бүгін комиссия тексеруге кірісті. Сағат екі кезінде тексеру тағайындалған болатын. Біз денсаулық сақтау министрлігінің аймақтың құрылымымыз. Әртүрлі тәуелсіз сарапшылардан комиссия құрамыз. Сол комиссияны тексеруге жібердік", — деді ол.

Sputnik Қазақстан "Достар Мед" жекеменшік емханасына хабарласып көріп еді, call центр берген нөмір бойынша басшылықпен байланысу мүмкін болмады. Емхана бөлімдерінің бірі хабарлағандай, тексеруге байланысты кабинет бос екен.

Естеріңізге сала кетсек, 27 наурызда кеуде қуысындағы грыжаны алдыру отасын жасағаннан кейін екі жасар сәбидің жағдайы күрт нашарлап, бір айдай комада жатқан.

Бала 24 сәуірде шетінеп кетті. Кішкентай Мирон бір айдан соң екіге толатын еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір