RU
Салтанат Бақаева қырқынан енді шыққан сәбиін бассейнге апарды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Салтанат Бақаева қырқынан енді шыққан сәбиін бассейнге апарды

Рассказать Вконтакте

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева қырқынан енді шыққан Айтөре есімді үшінші ұлын бассейнге алып барды деп хабарлайды NUR.KZ.

Салтанат Бақаева.Фото: Instagram

Салтанат Бақаева.Фото: Instagram

Қыз-келіншектерге түрлі кеңес беретін әнші бұл жолғы жазбасын да аналарға арнады.

"Балапаным жылаған жоқ. Судан қорыққан да жоқ. Сабырлы болды. Рахаттанып, демалып жатты. Әрине баланы бассейнге, басқа жаққа апару шын мәнінде оңай емес. Өйткені, бала кейде жолда жылайды. Ондай нәрселерге дайын болу керек. "Өйткені, ол – бала" деп қабылдау керек. Сонда сіз оны мәселе деп қабылдамайсыз.

Мен сияқты енді босанған аналарға айтар кеңесім: көбірек қозғалыңыздар, көбірек тіршілік жасаңыздар. Өзіңіз бір жаттығулар ойлап табыңыз. Мен де ешқайда бармай, үйде өзім құрастырған жаттығуларды жасаймын. Оларды дұрыс істемесең де, ең бастысы – қимыл жасалады. Ол ойыңды басқа жаққа бөледі", – деді Бақаева.

Айта кетейік, әнші бүгінде үш ұлдың анасы атанып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel