Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Курьердің пиццаға түкіргенін біліп қойған азамат арықтап кетті

Опубликовано:

Түркияның Эскишехир қаласында клиентінің пиццасына түкіріп тастаған курьер жауапқа тартылуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы укроп.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пицца. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Пицца. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

Зардап шегуші Хусейн Акйуз бұл жайт оның психикасына ауыр тигенін алға тартты.

"Жұмыстағы кеңседе тағамға тапсырыс беруіме тура келетін. Енді олай істемейтін болдым", - дейді ол.

Хусейннің салмағы пиццаға өзге біреудің түкіргенін білмей тұрғанда 82 келі болған екен. Алайда жағымсыз жайттан кейінгі күйзелістен ер адам алты келі тастап жіберген.

Сол арада пиццерияның адвокаты курьер мен клиент олардан ақша бопсалау мақсатында біріге тұзақ құрды деген пікірде. Алайда Хусейн бұл айыптаумен келіспей отыр.

Курьердің пиццаны тапсырыс берушіге бермей тұрып бүлдірген сәті подьездің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл жайттан соң компанияның пиццасына тапсырыс берушілер саны 20 пайызға азаяды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728824-kurerdi-piccaga-tkirgenin-bilip-kojgan-azamat-aryktap-ketti/

pixel