RU
Астанада жаппай оқудан шығарылған студенттер өз шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада жаппай оқудан шығарылған студенттер өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Астанада ағылшын тілінің IELTS сертификатын жалған жасатып алған деген күдікпен Медициналық университеттен шығарылып жатқан студенттер саны артқан. Онда жүзден астам білімгерді алаяқтық бойынша кінәлап отыр. Алайда олардың өзі бұл шикілікке қатысы жоқтарын айтып ақталды деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: inmozhaisk.ru

Көрнекі фото: inmozhaisk.ru

Университтен шығып қалған докторант NUR.KZ порталына құпия түрде сұхбат беруге келісті. Оның айтуынша, бұл жағдайда студенттер өзін жәбірленуші ретінде санап отыр.

"Шын мәнінде біз алаяқ емеспіз. Біз университетке IELTS сертификатын тапсырған кезде, оның жасанды екенін ешкім бізге айтпады. Қаншама жылдан кейін бір емес жүздеген студентті кінәлі етіп шығарды.

Біз әртұрлі қалаларда және түрлі мекемелерде ағылшын тілінен емтихан тапсырғанбыз. Жеке өз басым бір жарым жыл бұрын ағылшын тілін оқытатын ғимаратта отырып тапсырған болатынмы", - дейді студент.

Жігіттен тіл үйрету курсының мұғалімдері емтихан қабылдаған. Бірер күннен соң оған хабарласып, жақсы балл жинағанын айтады.

Студент IELTS емтиханын тапсыру үшін 50 теңге төлепті. Себебі аталмыш сертификатты алу үшін ақалы тесттен өтуі керек керек.

"Мәселен сіз пойызға билет сатып алғанда, оны жасанды болуы мүмкін деп ойламайсыз ғой? Бұл жағдай да дәл сондай. Мен ағылшын тілін білетінмін. Емтиханды жақсы тапсырып, сертификатымды алдым. Оны университетке өткіздім.

Онда да бізге ешнәрсе деместен барлық құжатты қабылдап, шәкіртақы тағайындады. Ал енді бір жарым жыл өткенде сертификаттың жасанды екенін айтып отыр. Неге сол уақытта жақсылап тексеріп алмаған? Мәселен Назарбаев университетінде бұл сертификаттарды оп-оңай тексеріп, база арқылы тауып алады", - дейді астаналық азамат.

Көрнекі фото: vsluh.ru

Көрнекі фото: vsluh.ru

Университетте сертификатқа байланысты дау туындағаннан кейін жігіт бірден оны тапсырған тіл үйрету орталығына барады. Алайда Есенберлин көшесіндегі ол ғимарат қазір жабылып қалыпты.

Студенттің айтуынша, медициналық университет қазір өз былығын жабу үшін басшылықтың еш кінәсі жоқ деп көрсеткісі келіп жатыр. Алайда осы даудан кейін университеттің деканы мен оның орынбасарын жұмыстан шығарыпты.

"ҚР 385 бабы бойынша қылмыстық іс ашылды. Тергеп-тексеру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Бірақ 17 сәуір күні 117 студентті оқудан шығару туралы шешім шығарыпты.

Айтуларынша, біз мемлекет оқуға деп бөлген барлық ақшаны қайтару керек екенбіз. Бір жылға бұл шамамен 1,5 миллион теңге. Екі жылда 3 миллион. Біздің отбасы, бала-шағасы бар дәрігерлерде ондай ақша қайдан болсын?

Егер бізді кінәлі десе, алдымен оны дәлілдеп берсін. Сот отырысы өткен соң үкім шығарылсын. Бізді оқудан шығару туралы шешімді университеттің басшылық құрамы қабылдапты.

Олар бізді оқудан шығармаса университет лицензиясынан айырылуы мүмкін екен. Сондықтан барлық кінәні студенттерге аудару жеңіл болып тұр", - дейді докторант.

Әбден ашынған студенттер Денсаулық сақтау министрі Ерлан Сағадиевке де хат жолдап көрген. Бірақ онысынан еш нәтиже шықпапты.

"Мен жеке өзім Ерлдан Сағадиевке хат жолдап, бізді оқудан шығармас бұрын барлығын жіті тексеруді сұрағанмын. Еш жауап жоқ.

Неге тек біздің университетті ғана көтеріп жатыр? Алматы, Шымкент, Тараз бен Қарағандыдағы университеттерді де тексерсін. IELTS сертификаттары қаншалықты рас екенін көрсін", - дейді азамат.

Айта кетейік, Сағадиевтің өзі студенттердің университеттен шығарылуын құптап отыр.

"Өткен жылы біздің Білім беру сапасын тексеру бойынша комитетіміз Медициналық университетті тексерген болатын. Бірнеше студентті оқыдан шығару туралы бұйрық жазған. Алайда олардың біразы шығып, ал қалғаны сотқа берген. Олар сотқа шағымдануға толықтай құқылыә, - деді министр журналистерге берген сұхбатында.

Оқудан шығып қалған білімгерлер енді әділдік орнамайынша соттасамыз деп отыр. Себебі ондағы магистранттар мен жокторанттар медициналық білімі үшін 7-10 жылдарын сарп еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
8
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel