RU
Күйеуі мен енесі қуып шыққан келіншекті тоқалдыққа алғысы келетіндер көбейген (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі мен енесі қуып шыққан келіншекті тоқалдыққа алғысы келетіндер көбейген (фото)

Рассказать Вконтакте

Күйеуі мен енесі үйінен қуып шыққан атыраулық келіншекке NUR.KZ порталына жарияланған материалдан кейін "тоқалдыққа алу" туралы ұсыныстар толассыз келіп түсіп жатыр. Бұл туралы жастайынан ата-анасынан жетім қалған Сәнияның өзі хабарлады.

Күйеуі мен енесі қуып шыққан келіншекті тоқалдыққа алғысы келетіндер көбеюде

Сәния Нұрымова

Айтуынша, оған еліміздің түкпір-түкпірінен хабарласып, "тоқалым бол" дегендердің қарасы көбейген деп хабарлайды NUR.KZ.

Еске салсақ, бұдан біраз уақыт Сәния Нұрымова редакцияға хабарласып, өзінің аянышты күйі туралы жеткізген еді. Жастайынан жетім өскен келіншек өзінің екінші топтағы мүгедек екенін және күйеуімен ажырасқан енесі оны үйден қуып шыққанын жеткізлегн. Бүгінде барар жер, басар тауы қалмаған ол кішкентай қызымен бірге шарасыз күйге түскенін жеткізген болатын.

Сәнияның айтуынша, жарияланған мақаладан соң оған "тоқалым бол" деп ұсыныс тастаған азаматтардың қарасы көп болған. Ақтөбеден, Қостанайдан, Шымкенттен хабарласқан оқырмандар оны қызымен қоса асырауға уәде берген.

"Олардың бірнешеуі өзіммен қатар азаматтар. Менен үлкен ағалар да болды. Бірақ мен олардың ұсынысын қабылдай алмадым. Себебі, ұятты адаммын. Екіншіден, денсаулығым да жарамайтын сияқты. Әзірге қызымды аяқтан тұрғызуды көздеп отырмын. Сол үшін де елден көмек сұрадым. Ата-анам болса, бәлкім бұлай сандалмас едім", - деп налыды келіншек.

Егер Сәния мен оның қызына көмек берем деушілер болса, редакцияның нөміріне хабарласуына болады.

Редакцияның Whatsapp нөмірі: + 7747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
1
11
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel