RU
Тоқал алуға шақырған Рамзан Қадыров ресми некеге қарсы шықты
Жаңалықтар Әлемде

Тоқал алуға шақырған Рамзан Қадыров ресми некеге қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

АХАЖ-да ресми неке тіркеуді жамандық деп атаған Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ер азаматтарды тоқал алуға шақырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамзан Қадыров. Фото: pbs.twimg.com

Рамзан Қадыров. Фото: pbs.twimg.com

Журналист Мария Бондареваға сұхбат берген Қадыров көп әйел алу демография мәселесін шешетінін алға тартып, тоқал алуға діннің өзі қарсы келмейтінін сөз етті.

Ол АХАЖ-ға бару ер азамат пен әйелдің бір-біріне сенбейтінін дәлелдей түседі деген пікірде.

"АХАЖ не үшін керек? Кейін ажырасып кетсе, мүлікке таласу үшін бе? АХАЖ жаман ниетпен құрылған... Мұсылмандарға төрт әйел алуға Жаратушының өзі рұқсат берді. Оған рұқсат беретін мен емес. Ал АХАЖ - отбасын бұзатын бірінші қадам", - дейді Қадыров "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
4
2
24
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір