RU

Концертіңді ұйымдастырамыз: Отандық әнші алаяқтардың құрбаны болды

Отандық әнші Серік Ибрагимов алаяқтардың құрбаны болды деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ибрагимов. Фото: Instagram
Ибрагимов. Фото: Instagram: UGC

Әншінің бірнеше концерті кейінге шегерілді. Ибрагимовтың шығыс Қазақстандағы кеші де өтпей қалған болатын.

"Алданғандағы бар шарам, телефонмен сөйлесіп, Instagram парақшасына салдым. Олар жайында таныстарым да ескертті. "Бізде алданып қалғанбыз" деген секілді. Қазір "концерт ұйымдастырам" дейтін адамдар көбейіп кеткен. Бірақ халыққа не деп жауап бересің? Осындай адамдардың кесірінен қиын жағдайлар туындайды", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728855-koncertidi-jymdastyramyz-otandyk-nsi-alaaktardy-krbany-boldy.html