RU
Төсін үлкейтпек болған арудың ота кезінде жүрегі тоқтап қалды (фото, видео)
Жаңалықтар Әлемде

Төсін үлкейтпек болған арудың ота кезінде жүрегі тоқтап қалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің элиталы клиникасында төсіне пластикалық ота жасатқан әйелдің жұмбақ өлімі туралы мәліметтер пайда бола бастады. Бұл туралы Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Екатерина Киселёва. Фото: Life.Ru

Екатерина Киселёва. Фото: Life.Ru

32 жастағы екі балалы әйел Мәскеудегі "Триумф палас" клиникасында төсіне пластикалық ота жасатып, әдемірек болғысы келген. Дәрігерлер оның ота кезінде жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын айтқан болатын.

Марқұмның анасы Екатеринаны жасатқан пластикалық ота ол үшін алғашқы және соңғы рет болғанын айтады. Барлық туған туыстары мен та-анасы оны сұлулық үшін пышақтың астына түспеуге көндірмек болыпты. Алайда шешімінен айнымаған әйел ота үшін барлық анализдерден өтіп, сымбатты болдуға бел шеше кіріскен.

Екатерианаға өлім құштырған отаны хирург Григорий Перекрестов жасаған. Ол үнемі әлеуметтік желіде өзі жасаған оталарды көрсетіп, мақтанып отырған екен.

Хирург Григорий Перекрестков. Фото: Life.Ru

Хирург Григорий Перекрестков. Фото: Life.Ru

Ал марқұмға наркоз салушы ретінде оқуын енді бітіргелі жатқан 24 жастағы Зейнал Неджафов болған.

Анестезиолог Зейнал Неджафов. Фото: Life.Ru

Анестезиолог Зейнал Неджафов. Фото: Life.Ru

Сонымен, пластикалық ота бес сағатқа созылады. Ол аяқталған соң, Екатеринаның жақындары оған қоңырау шалып, хабарласа алмайды. Сонда клиника қызметкері марқұмның анасына отаның сәтті өткенін айтып, қызының әлі наркоздан оянбағанын жеткізеді.

"Сол күні сағат 16:30-да бізге ота сәтті өтті деп айтқан. Бірақ 19:30-да бізге қайта хабарласып, қаралы хабарды жеткізді. Оны тағы ота үстінде қайтыс болды дейді. Сонда үш сағат бойы дәрігерлер не істеген?", - деп ашынады Екатеринаның анасы.

Россия-1 арнасының мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш клиниканың пластикалық ота жасауға рұқсат қағазы болмаған екен. Ал қайғылы оқиғадан кейін Екатеринаға наркоз салған дәрігер мен ота жасаған хирург жұмыстан өз еріктерімен шығып кетіпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір