RU
Жаңаөзенде 16 жастағы бозбаланы достары тірідей өртеп жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жаңаөзенде 16 жастағы бозбаланы достары тірідей өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Жаңаөзенде достарымен сыртқа шығып кеткен 16 жастағы бозбала отқа оранған. Беті мен қол-аяғын күйік шалған баланың жағдайы ауыр деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Aif.md

Фото: Aif.md

Достарымен кеткен баласының өртеніп жатқанын анасына біреу келіп айтқан. Бозбаланың үстіндегі өртті досының ағасы сумен өшірген екен.

Қазір аппаратқа таңылып жатқан жаңаөзендік баланың жағдайы ауыр.

"Баламның беті, қолы, аяғы түгел күйіп қалған. Жағдайы ауыр xалде. Тек аппаратпен өмір сүріп жатыр. Бірақ аздап сөйлей алады. Ұлымды кім өртегенін, осындай xалге қалай жеткенін білгім келеді. Өткен жолы палатасына кіргенімде «ана балалар жасады» деп жылады", - дейді анасы Балғаным Омарова.

Айта кетейік, Қожаxмет Ілесбаевтың денесінің 50-52 пайызын күйік шалған. Оның 47% терең күйік.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
17
3
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel