RU

Барабанның "құлағында" ойнаған балақай желіде жұлдызға айналды (видео)

Леннокс Ховард небәрі екі жасында соқпа құрылғысын кәсіби музыканттар іспетті меңгеріп алған. Тума таланттың қатарластары алғашқы қадамдарын жасап жатқанда, ол барабан соғуды ересектерден де жақсы біледі деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Интернет желісінде Леннокстың музыкадан еш шатаспай, соқпа аспабы арқылы әуен орындаған видеосы тарап кеткен. Екі жасар балақайдың музыкалық таланты желі қолданушыларын таңғалдырған.

Өзінің қатарластары енді ғана жүруді үйреніп жатқанда, кішкентай музыканттың соқпа құрылғысын меңгеріп алғаны көпшілікті тәнті етті.

Видео авторы "бұл балақаймен кәсіби ұстаз айналысса не болады?" деген сауал қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728870-barabanny-klagynda-ojnagan-balakaj-zelide-zldyzga-ajnaldy-video.html