RU
Атышулы блогер Qazkom банкінде өзіне қазақ тілінде қызмет етуін талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы блогер Qazkom банкінде өзіне қазақ тілінде қызмет етуін талап етті

Рассказать Вконтакте

Атышулы блогер Оғыз Доған Qazkom банкінің қызметкерінен қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Блогер. Видеодан скриншот

Блогер. Видеодан скриншот

25 сәуір күні банкке келген азамат өзіне қазақша жауап қайтармаған қызметкерге ашуланған. Бойжеткен өзге қызметкерлерден көмек сұрайды.

Банк қызметкерлері блогерден бұл жайтты видеоға түсіруін тоқтатуды талап еткенімен, Оғыз әрекетінің заңды екенін айтып, бас тартады.

Нәтижесінде банк күзетшілері ер адамды ғимараттан қуып шыққан. Бұған күйінген азамат қазақ тілінде қызмет көрсетпеген банкты сотқа беретінін алға тартты.

Qazkom банкі бұл жайтқа қатысты ресми видео-жауап банктің сайтында және желі парақшаларында жарияланатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Оғыз Доған бұған дейін қазақ тілінде қызмет көрсетпеген Air Astana ұшағында жанжал шығарған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
17
0
2
0
2
77
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір