Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік азамат 9 мамыр қарсаңында жеңіс ленталарын тегін таратпақшы

Опубликовано:

Шымкенттік кәсіпкер Ербол Дайраш Ұлы Отан соғысының Жеңіс мерекесі қарсаңында арнайы акцияны қолға алды деп xабарлайды NUR.KZ порталы.

георгий

Қалталы азамат өзі басшылық ететін "Erniyaz" media орталығына келуші әрбір тұтынушыға жеңіс ленталарын тегін таратпақшы.

Акция 1 мамырдан бастап 9 мамыр аралығында дейін жалғаспақ.

"Жеңіс лентасын біз жылда дайындаймыз ғой. Көбінесе дәл сол жеңіс күні іздеп жатады, ол күні бізде кейде жетпей қалады. Акцияны бастауымыздың негізгі себебі сол, біріншіден.

Бұл көк түсті жеңіс лентасы заңмен белгіленген ғой, соған компаниямыздың атынан қолдау білдірейік деген мақсат болды. Біз қазір республиканың кез келген аймағынан тапсырыстар қабылдап жатырмыз.

георгий
Әрбір тұтынушыға осы мерзім аралығында жеңіс лентасын тағып жібереміз деген ой туындап, кеше осы бір акцияны жарияладық", - дейді кәсіпкер.

Ерболдың бұл бастамасына көпшілік қолдау білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728878-symkenttik-azamat-9-mamyr-karsaynda-zeis-lentalaryn-tegin-taratpaksy/

pixel