RU
Шахизада Алматыда немересінің тойын дүркіретіп өткізді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шахизада Алматыда немересінің тойын дүркіретіп өткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақ өнері өкілдерінің арасында тағы да дүбірлі той өтті. Бұл кештің басты ұйымдастырушысы – Шахизада. Әріптестеріне ақ дастархан жайған әнші меншікті мерекесін тойлап, екінші немересінің тұсауын кесті. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген туған күн иесітжанұялық мейрамның тосыннан болғанын айтады.

Шахизад

Шахизад

«Негізі бұл тойға дайындалғаныма екі апта ғана болды. Өйткені мен не жасасам да, аяқ астынан жасаймын да. Былай енді ойда болып жүретін тойлар ғой енді. Бір ай бұрын идея туындаған шығар. Бірақ дайындық екі аптаның көлемінде болды», - дейді әнші.

Немересінің есімі – Әлиқожа! Бұл атты қою мәртебесі Шахизаданың бірінші күйеуіне бұйырған. Әншінің бұрынғы жұбайы қазіргі таңдаАлматыда тұрады екен. Бірақ бұл тойда бой көрсетпеді. Себебін өнер иесінің ұлы Олжастан сұрап көрдік.

Шахизад

Шахизад

«Менің әкем бүгін келген жоқ, өкінішке орай. Бүгін нағашы атасы ғана келді. Күнде сөйлесіп тұрамыз деп айтсам болады. Әкемнің де өзінің жұмысы бар. Аптасына бір рет кездесіп тұрады. Әкеммен жиі араласамын. Не дегенмен де ол менің әкем болады. Кішкентай кезімде анам әрайдым әкеңмен аралас, сенің әкең бар деп өсірген. Маған ешқашан әкеңмен араласпа деп айтпаған», - дейді әншінің ұлы Олжас.

Әке мен баласының қарым-қатынасын үзбегенімен, Шахизаданың бірінші жолдасына деген өкпе-реніші 20 жылдан астам уақыт өтсе де әлі тарқамаған көрінеді. Тіпті, атасын күні кеше өткен немересінің тұсаукесер тойына да шақырмапты.

Шахизад

Шахизад

«Олжастың папасын мен шақырған жоқпын. Өйткені ол келмейді. Мен араласпаймын. Егер балам өзі шақырып, әкем келеді десе есік ашық. Бұрынғы күйеуім баласымен араласады. Немерелерімен араласады. Мен араласпаймын. Менің бір адамнан көңілім қатты қалса, мен үшін ол адам жоқ деген сөзім бар. Өмірде де кездеспеймін. Кездескім де келмейді. Аман болсын!», - дейді Шахизада.

Шахизад

Шахизад

Естеріңізге сала кетсек, Шахизада өмірінде екі мәрте тұрмыс құрғанымен, қос некесі де сәтсіз аяқталған болатын. Әншінің алғашқы жұбайынан жалғыз ғана ұлы бар. Ләззат есімді арумен шаңырақ көтерген Олжас Байпатшановтың бір қыз, бір ұлы бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
3
0
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel