RU
Астанада оқудан шығып қалған жүзден аса студент мемлекетке миллиондаған қаржы қайтаруы тиіс
Жаңалықтар Қоғам

Астанада оқудан шығып қалған жүзден аса студент мемлекетке миллиондаған қаржы қайтаруы тиіс

Рассказать Вконтакте

Елордадағы "Астана" медуниверситетінің студенттері жалған IELTS сертификатттарын өткізгені үшін оқудан шығып қалды. Енді олар оқу орнына қомақты қаражат төлеуі керек деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: storyfox.ru

фото: storyfox.ru
Source: UGC

Бірі бір жыл үшін, кейбір студенттер екі жылдық оқу ақысын төлеуге міндеттелмек.

Алайда олардан оқуға кеткен қаржыны тек қана сот талап ете алады. Бүгінгі күні тергеу жұмыстары басталған.

117 студент ішінен 33-нің кінәсі дәлелденді. Ал қалған 84 білім алушы тағылған айыпты мойындамай, сот шешімін күтіп отыр.

"Оларды оқытуға кеткен шығын көлемі мынадай: магистрант - 65 000 теңге, резидент - 67 000 теңге, докторант - 120 000 теңге. Бұл соммалар олардың қайда оқу орнында оқығанына байланысты қысқартылып, төлемге ұсынылмақ", - деп айтты медуниверситет ректоры.

Оқудан шығарылған студенттер оқу барысында жақсы көрсеткіштерге ие болған. Мұндай қорытындыға әкеп соқтырған тек қана жалған IELTS сертификаттары болса керек.

Медуниверситеттен шығарылған 117 студенттің 82-сі резидентурада, 24-і магистратурада оқыса, докторантурада 11 білім алушы болды.

Егерде бұл сандарды олардың бір айлық оқуының ақысына көбейтсек миллиондаған сомма шықпақ. Сот төрелігі студенттердің кінәсін растаса, олар қомақты қаражатты төлеуге міндеттеледі.

Сонымен қатар, университет өкілдері студенттер оқу орнына келер жылы тағы да түсе алатынын айтты. Алайда, тек қана ақылы бөлімге тапсыруға мүмкіндік бар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
6
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel