RU

Атышулы Замира Бүркіт сияқты азаматты армандап жүргенін айтты

"Қалаулым" бағдарламасының бұрынғы қатысушысы, атышулы Замира Сұлтан өзінің қандай азаматқа тұрмысқа шыққысы келетінін ашып айтты деп хабарлайды "Ащы шындық" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүркіт. Фото: brod.kz, Замира. Фото: nur.kz. Коллаж: NUR.KZ.
Бүркіт. Фото: brod.kz, Замира. Фото: nur.kz. Коллаж: NUR.KZ.: UGC

Жасы 30-ға таяған Замира, тұрмысқа шығудың оңай емес екенін алға тартты.

"Ер азаматтар пәк қыздарды алғысы келеді. Мен сияқты екі баласы адамды қайтсін? Менің күйеуім қатал мінезді, үлкен денелі болғанын қалаймын. Ал жеңіл мінезді азаматтар ұнамайды. Менің күйеуім Бүркіт сияқты болғанын қалаймын", - деген ол 26 жастағы жігіті бар екенін айтып берді.

Сондай-ақ Замира алдағы уақытта отандық әншінің бейнебаянына кейіпкер болмақшы екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728893-atysuly-zamira-brkit-siakty-azamatty-armandap-zrgenin-ajtty.html