Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абу Дабида өткен кітап мерекесіне қазақстандық делегаттар да қатысты (фото)

Опубликовано:

Абу Даби халықаралық кітап көрмесі - әлемдік полиграфия саласындағы ең ірі шаралардың бірі. Биылғы кітап мерекесіне Қазақстанмен қатар 70-ке жуық мемлекет қатысып, халықаралық аренада тәжірибе алмасуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Абу Даби халықаралық кітап көрмесі
Абу Даби халықаралық кітап көрмесі: UGC

Шараның ашылу салтанатына Біріккен Араб Әмірлігінің Сыртқы істер министрі Шейх Абдулла бен Зайд аль-Нахайян арнайы шақырылды. Қазақстан полиграфистер қауымдастығының ұйымдастыруымен араб елінің астанасына отандық баспа ісінің білікті мамандары қатысып, үш тілде жарық көрген құнды еңбектерін таныстырды.

"Қазақ энциклопедиясы" баспасының Бас директоры Жадыра Тойбай "Мәңгілік ел - Қазақстан" фотоальбомын еліміздің БАӘ-дегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифпен бірге шетелдік әріптестерге тарту етті. Ал республикалық "Дәуір" баспасының президенті Светлана Мырзахметқызы Назарбаева "Қазақстанның баспа саласы" жайында баяндама жасады.

Абу Даби халықаралық кітап көрмесі
Абу Даби халықаралық кітап көрмесі: UGC

Сонымен қатар делегация құрамындағы "Дәуір" баспасының коммерциялық директоры Балжан Рақышева, белгілі ТВ продюсер, журналист Маржан Сәдуақасова, және баспагерлер қауымдастығының аймақпен байланыс директоры Баян Қабылаш шетелдік авторлармен келіссөздер жүргізді.

"Көрме 2 мамырға дейін жалғасын табады. Екіжақты тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар іскерлік кездесулер өткізу жоспарда бар. Қазақстандық стендке 50-ге жуық аталым кітап қойылды. Ендігі мақсат өзге де ірі көрмелерде қазақ кітаптарының санын арттыру", - деді Маржан Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728901-abu-dabida-tken-kitap-merekesine-kazakstandyk-delegattar-da-katysty-foto/

pixel