RU
Адам кейпіндегі маймыл жолаушылардың үрейін ұшырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Адам кейпіндегі маймыл жолаушылардың үрейін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Индонезия тұрғыны көшеде қайыр сұрап тұрған адам кейпіндегі маймылды көріп, қорқып кеткен. Жануар кішкентай қыз сияқты киініп алыпты деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Қызықты оқиға қаладағы Богор көшесінде орын алған. Видеожазбада маймылдың мойнына шылбыр ілініп, бағанаға байланып тұрғанын байқауға болады. Ол алдынан өткен жолаушыларға қол созып, қайыр сұрап тұр.

Индонезияда маймылдардың көшеде өнер көрсетуі дәстүрлі жағдай саналады. Әдетте олар велосипедті де айдай береді екен. 2013 жылы Джакартада жануарларға осындай әрекет жасатуға тыйым салынған болатын.

Видеоны көрген желі қолданушылары маймылды аяп, оны киіндірген адамды сөгіп тастаған. Ал кей бірі көшедегі әзілден үрейі ұшып, қорқып қалыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір