RU
Күйеу жігітінен айырылысқан отандық әнші әзірге тұрмыс құрмайтынын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Күйеу жігітінен айырылысқан отандық әнші әзірге тұрмыс құрмайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана кеудесін отамен үлкейткен Луина әзірге тұрмыс құрмайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Луина. Фото: Instagram

Луина. Фото: Instagram

Әнші арманындағы азаматты әлі жолықтырмағанын алға тартты.

"Неге көпшілік маған тұрмысқа шығуға кеңес береді? Ал менің не ойлайтыным маңызды емес пе? Мен әлі күнге өмірімді арнайтын азаматымды жолықтырмадым. Мен ақылды болудан шаршадым.

Жәй ғана өзіммен өзім болғым келеді. Ешқашан қазіргі сәттегідей бақытты болмағанмын. Өзімді еркін сезінбегенмін", - деді ару Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биылғы жылдың басында әнші өзінің продюсері әрі азаматтық некедегі жігіті Жомарт Сүлейменовпен айырылысқандарын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel