RU
Тұрсын Алагөзовтің өзі іздеу салған жігіт Алматы облысынан табылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Тұрсын Алагөзовтің өзі іздеу салған жігіт Алматы облысынан табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда осыдан бірнеше күн бұрын жоғалған 21 жастағы Айдар Ибадуллаев үйіне аман-есен оралды. Бұл туралы жас жігітті іздестіруге үндеу салған кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Белгілі кәсіпкер Айдардың табылғаны жайлы өзінің Instagram парақшасына жазған.

"Айдар Ибадуллаев дін-аман. Оны іздестіру жұмыстарына атсалысқандардың бәріне алғыс білдіремін. Аса ауыр жағдайда көмек қолын созған тәртіп сақшылары, медицина қызметкерлері мен барша таныстарға үлкен рахмет айтамын. Айдардың ата-анасы мен жақындары сіздердің қолдауларыңызға алғыстарын айтып жатыр. Отбасыларыңызда бақ-береке болсын!", - деп жазды кәсіпкер.

Айта кетейік, Айдар Ибадуллаевтің жоғалып кеткені жайлы ақпарат бірнеше күн бұрын пайда болған. Жігіттің туыстары полиция бөліміне арыз жазған.

Оған қоса Тұрсынғали Алагөзов әлеуметтік желідегі Айдарға үйіне оралуын өтініп жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel