RU

6 млрд теңгенің көпірі: Астананың 20 жылдығына ел аймақтары қандай сый жасамақ?

Биыл Астананың 20 жылдығына орай ел аумақтары миллиондаған қаржы жұмсап, елордалықтарға түрлі нысандарды сыйға тартпақ. Олардың арасында жаяу жүргіншілерге арналған жол мен субұрқақ, бульвар, тіпті балабақша да бар көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бұған дейін елорданың 20 жылдық мерейтойына республикалық бюджеттен бас аяғы 19 миллиардан астам қаржы бөлінгені белгілі болған еді. Аталған қомақты қаржыға Астанада жыл бойына түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын көрінеді.

Бас шаһардың туған күнінен ел аймақтары да қалыс қалмайтын көрінеді. Олар Астанаға арнап түрлі нысандарды сыйға тартпақ.

Әзірге өңірлер бойынша аталған мақсатта қыруар қаржы жұмсағандардың қатарында – Атырау облысы көш бастап тұр. Олар бұл мақсатта облыс бюджетінен қаржы бөліп, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің көмегіне жүгініп, құны 6 млрд теңгені құрайтын көпір салып бермек.

Фото: kp.kz
Фото: kp.kz: UGC

Елордаға ерекше сыйлық жасайтын өңірдің бірі – Ақтөбе облысы. Ақтөбеліктер қаланың қақ ортасынан "Бейбітшілік қабырғасын" салып бермек. Айта кетерлігі, аталған нысан үшін облыс бюджетінен бір тиын да бөлінбейтін көрінеді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев құрылысы үшін 1 миллиардқа жуық қаражат кететін нысанды толығымен кәсіпкерлер салып береді дейді.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Астаналықтардан ақша аямай, оларға теңдессіз субұрқақ салып береміз деп сендірген аймақтың бірі - Шығыс Қазақстан облысы. Олар бұған 900 млн теңге жұмсамақ. Әуенді субұрқақ елорданың ботаникалық бағында бой көтереді деп күтіліп отыр.

Көрнекі фото: creative.su
Көрнекі фото: creative.su: UGC

Бас шаһардың туған күніне Сыр елі де сый тарту етпек. Қызылордалықтар ашық аспан аясында орналасатын "Ғарыш" саябағын сыйға тартпақ. Алаң шілденің басына дейін пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz: UGC

Арқадағы бас қалаға Алматы және Батыс Қазақстан облыстары да саябақ тарту етпек. Оңтүстік өңір тұрғындары паркті елорданың "Арай" саябағы кешенінде салса, батыстықтар Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылы қиылысында сквер салмақшы.

Көрнекі фото: ашық дереккөзден алынды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден алынды: UGC

Ал көршілес Қарағанды облысы "Қазақ еліне мың алғыс!" монументі мен жаяу жүргіншілердің бульварын сыйласа, маңғыстаулықтар "Достық үйін" сыйға тартамыз депті.

Көрнекі фото: ашық дереккөзден алынды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден алынды: UGC

Бас қаланың 20 жылдығына оңтүстік астана яғни – Алматы қаласы 240 орындық балабақша сыйлаймыз деп сендіріпті.

Көрнекі фото: 24.kz
Көрнекі фото: 24.kz: UGC

Еліміздің қалған облыстары болса (авт. ОҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Жамбыл) қалалық саябақтан бастап Ильинкаға дейін жалғасатын, ұзындығы 56 шақырымды құрайтын велосипед иелері мен жаяу жүргіншілерге арналған жол салып бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728919-6-mlrd-tegeni-kpiri-astanany-20-zyldygyna-el-ajmaktary-kandaj-syj-zasamak.html