RU
77 жастағы қария жасөспірім қызды зорлап, қалған өмірін түрмеде өткізетін болды
Жаңалықтар Әлемде

77 жастағы қария жасөспірім қызды зорлап, қалған өмірін түрмеде өткізетін болды

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Джопхур қаласында сот 77 жастағы діни көшбасшы Асарама Бапуге өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Ол 2013 жылы жасөспірім қызды зорлады деп айыпталуда. Бұл туралы Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Қылмыскердің екі көмекшісі 20 жылдан түрмеге жабылатын болды. Ал Асараманың өзі өмір бйоына бас бостандығынан айырылса да, жасаған қылмысын мойындамай отыр.

Оны 2013 жылдың 1 қыркүйегінде Индаур қаласында құрықтаған. Сот алқасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, қария өз сектасындағы азаматтың қызына зәбір көрсеткен. Ол үшін жасөспірімді "ішінен жынды қуып шығарамыз" деген сылтаумен үйіне шақырып алыпты.

Бапу өз еркімен сотқа қатысудан бас тартқан. Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны үйінен алып кеткен кезде, есігінің алдына жиналған халық оны қорғаштап, полицияға қарсылық көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel