RU

Ресейде жас жігіт бойжеткенді басынан атып өлтірді

Ресейдің Владивосток қаласында төтенше жайт орын алды. Жас жігіт бойжеткенді басынан атып өлтірі, артынан өзін өзі өлтірген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресейде жас жігіт бойжеткенді басынан атып өлтірді
Көрнекі фото: Город Х: UGC

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, қыз бен жігіттің арасында жанжал туындаған. Бойжеткен өз көлігіне отырып, кетпек болған кезде жігіт оның жолын өз көлігімен бөгеп, басынан атып жіберген. Бұдан соң өзіне өзі қол салған.

Кадрлардан қайтыс болғандардың денесі бір-біріне жақын жатқанын көруге болады.

Оқиға орнында құқыққорғау органдары мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Болған жайттың видеожазбасын редакцияға куәгерлер жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728922-resejde-zas-zigit-bojzetkendi-basynan-atyp-ltirdi.html