RU
Мәскеуде төртінші қабаттан құлаған қыздың анасы жан тебірентер жазба қалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде төртінші қабаттан құлаған қыздың анасы жан тебірентер жазба қалдырды

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде төртінші қабаттан құлап түсіп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан қазақстандық Томирис Байсафаның анасы желіде жан тебірентерлік жазба қалдырып, көпшілікті жылатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Мәскеуде төртінші қабаттан құлап түсіп, ауруханадан бір-ақ шыққан Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова өзінің Instagram парақшасында жан тебірентерлік жазба қалдырды. Ол:

"Махаббат мейірімді әрі төзімді. Махаббат тәкаппарлықтың не екенін білмейді, ол барлық жамандық атаулыдан ада. Қызым, біз сенімен біргеміз", - деп жазған.

Аталған жазбаны оқыған желі қолданушылары анасына "төзімді болыңыз" деп, "Томиристің тез жазылып кетуін" тілеп жатты .

Олар "Алла шипасын берсін", "Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады" деген пікірлерін жаудыруда.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Мәскеу мемлекеттік институтында оқитын Томирис Байсафаның төртінші қабаттан құлап түскені белгілі болған еді. Ол көптеген жарақаттар алып, мәскеулік емханалардың жан сақтау бөлімінде жатқан еді. Бүгінде бойжеткен санавиация көмегімен Астанаға жеткізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
6
19
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel