RU
Көкшетауда пәтер жалдаушы үй иесін байлап, тонап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда пәтер жалдаушы үй иесін байлап, тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда сәрсенбі күні полицияға жәбірленушінің әйелі хабарласып, күйеуін пәтер жалдаушысы тонап кеткенін айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: volga-day.ru

Көрнекі фото: volga-day.ru

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары пәтерден байланып қалған 57 жастағы азаматты табады. Бірнеше күн бұрын ол пәтерін 22 жастағы СҚО тұрғынына жалға берген екен.

Алғашқы үш күн бойы ол тәулікке жалдаған пәтері үшін ақы төлеп отырған. Ал одан кейін құр уәде беріп, кепіл ретінде екі ұялы телефоны мен банктік картасын тастап кетеді.

Алайда уақыт өте келе, ақшасын сол бойы әкеліп бермеген азаматқа пәтер иесі қайта барады. Екеуі сөйлесіп тұрғанда жас жігіт қалтасынан суық қару шығарып, жәбірленушіні қорқыта бастапты. Одан ақша талап етіп, сырт киімінің қалтасындағы көлігінің кілтіне дейін алып кеткен.

Пәтер иесі диванға байланған күйі қалып қояды. Осы уақытта оған әйелі хабарласып қалып, болған істің мән-жайын біледі.

Кейінірек ұрланған көлікті қаладағы тұрақтардың бірінен тапқан. Күдіктіні іздеу жұмыстары түнімен жалғасып, кафелердің бірінде құрықталған. Оның киімдері мен дорбалары кафеде әнші болып істейтін досының үйінен табылған.

Қазіргі уақытта полиция тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel