RU
Еліміздің бас мүфтиі Құранды жатқа оқыған жігітке көлік мінгізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бас мүфтиі Құранды жатқа оқыған жігітке көлік мінгізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІ республикалық Құран жарысы өз мәресіне жетті деп хабарлайды muftyat.kz.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz
Source: UGC

Дін жанашырлары мен демеушілерінің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 17 млн теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 500-ден астам жас қарилар қатысты.

Олар төрт бағыт бойынша бақ сынасты: Құранның 10 парасын жатқа оқу, Құранды мәнерлеп оқу, 20 пара Құранды жатқа айту және қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа оқу.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz
Source: UGC

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де сәні де жоқ. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: "Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады. Яғни, ондай үйде тыныштық болмайды", – деген. Қарайған жүректерге нұр беруші – Құран ғана", – деп жиналған жамағатты жақсылыққа, ізгілікке шақырып, әділ қазы мүшелеріне алғысын жеткізді.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz
Source: UGC

30 пара Құранды толық жатқа оқу бойынша:

Бас жүлде – Нағманов Нағим Серкұлы (Маңғыстау) – Автокөлік

ІІ орын - Хакимов Фазлидин Абдихужаұлы (Астана) – 2 млн. тг

ІІІ орын - Жахсылыков Еркебұлан Сержанұлы (Жамбыл) – 1,5 млн. тг

20 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын - Хокимов Махмадрахим (СҚО) – 1,5 млн. тг

ІІ орын - Сатешов Сақи Мұхтарұлы (Маңғыстау) – 1 млн. 250 мың тг.

ІІІ орын - Қартбаев Саламат Алашұлы (Ақтөбе) – 1 млн. тг.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz
Source: UGC

10 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын - Кенешбай Қуаныш Нұрланұлы (Алматы өңірі) – 1 млн. тг.

ІІ орын - Сейтқасым Ерқанат Серікұлы (Астана) – 750 мың тг.

ІІІ орын - Мыңжасов Арыстан Қожамбетұлы (Маңғыстау) – 500 мың тг.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz
Source: UGC

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

І орын - Турдақынұлы Такен (Ақмола) – 500 мың тг.

ІІ орын - Битенов Ерлан Базарбайұлы (Астана) – 300 мың тг.

ІІІ орын - Бектұрғанов Баубек Бердіғалиұлы (Алматы) – 150 мың тг.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz
Source: UGC

Сонымен қатар, әрбір өңірлерден келіп қатысқан жүлделі орындарға ие бола алмаған қариларға арнайы Алғыс хат пен 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
26
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel