RU
Метафора дегеніміз не?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Метафора дегеніміз не?

Рассказать Вконтакте

Метафора құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы болып табылады. Құбылтудың бұл түрін сөз өнері, эстетика, логика, философия, және тіл ғылымдары зерттейді. Метафораның қолдану аясы мен түрлеріне қатысты аз-кем мағлұматты назарларыңызға massaget.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Метафораларды зерттеп сан түрлі еңбек жазған адамдар көп. Бәрі өз әдісі бойынша зерттеу жұмыстарын іске асырса да, түбегейлі сипаттамалары бірдей болған.

Метафора - ауыспалы мағыналы суреттеме сөздердің бірі.Екі нәрсенің не сыртқы түрінің, не ішкі қасиеттерінің жақындығына, ұқсастығына қарай бірінің орнына бірін алмастырып айту.

Олар мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде өте жиі кездесіп тұрады.

Б. Х. Хасанов қазақ метафораларын екіге бөліп қарастырған:

  • біріншісі-белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора;
  • екіншісі-халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар.

Бірақ екеуінің ашық ара-жігі жоқ, өйткені, жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтың дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең таралуы мүмкін

Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады. Сондықтан да олар халыққа түсінікті, белгілі болады. Мысалы:

  • Ошақ бұтын күзетіп отырған қарт анасынан басқа қол ұшын берер ешкімі жоқ;
  • Қыздар – қыран-топан; Уәдесінде тұрмай, аяқ астынан айнығаны ;
  • Кірер ауыздағы кіп-кішкентай кабинетте күж қара кісі отыр ;
  • Әйтеуір торай көздің қарашығына қуақы күлкі ұшқындады ;

Олардың күнделікті қолданылуына байланысты қасиеті солғындап, тұрақты сөз іспетті айтыла берілген. Дәстүрлі метафоралар сол тілде сөйлейтін халықтың тіршілігі мен тұрмыс күйіне, өмір сүрген ортасына, дүниетанымына тікелей байланысты.

Ал индивидуалдық метафора – өмірдің кейбір жағдайларынан берілген субьективті баға, өзіндік тұжырым, бұл метафоралардың авторы болады.

Индивидуалдық метафоралар өзінің айырмашылықтарымен қатар дәстүрлі метафоралардың ерекшеліктерін түгел қамтиды. Бұл оның салыстыру обьектілерін жалпақ қамтитын, диапазонының кеңдігін көрсетеді. Мысалы:

  • Бар білген-cоңына соңына мына сілбу іздің қимылынан сөлекет бірдеңе сезе ме, қалай?;
  • Мына іш пыстыратын сылбарлық реніш шақырғандай әлденеге ұқсай ма?;
  • Мамандығына сәйкес бір жұмысқа табан іліктіргесін той жабдығына әзірлене бермек;
  • Қарауытып бүйе аяқтанып алған қалың қас үрпі-түрпі; Ішінен тынып, өз қасіретіне өзі уланып жүр;

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel