RU
"Қазақстандық алтын бала": Шетелдік промоутер Данияр Елеусіновке тәнті болды
Жаңалықтар Қоғам

"Қазақстандық алтын бала": Шетелдік промоутер Данияр Елеусіновке тәнті болды

Рассказать Вконтакте

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында оның дарынына тәнті болып, Елеусіновті Геннадий Головкинмен салыстырды деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz
Source: UGC

"Сіздердің мына жігіттің қаншалықты дарынды екенін білмейсіздер. (...) Ол келесі Геннадий Головкин емес, ол - Данияр Елеусінов. Бұл жігіт - Қазақстанның "алтын баласы". Қазіргі уақытта Головкинмен салыстырғанда, ол танымалдылығы жөнінен мүлде басқа. Ол ерекше дарын, ол орта салмақтағы әлем чемпионы болады. Осы жігітті қалай таптым десеңіздер? Теледидардан оның жекпе-жегін көріп, сол жайлы сұрастыра бастадым.

Содан бірден Қазақстанға ұшып келдім, келісімшарт жасастық. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Монакода жекпе-жектер өткізеді. Әлем бойынша өнер көрсетеді. Еуропалық жанкүйерлердің ғана емес, бүкіл әлемнің бокссүйер қауымының жүрегін жаулап алады", - дейді Елеусіновтің промоутері AB BOXING NEW басылымына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel