RU
Ұлы қатерлі дертке шалдыққан алматылық ата-ана жанын қоярға жер таппауда
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ұлы қатерлі дертке шалдыққан алматылық ата-ана жанын қоярға жер таппауда

Рассказать Вконтакте

11 жасар Тұмар Мырзағалиге шұғыл түрде көмек керек. Алматының тұрғынына осыдан 3 апта бұрын дәрігерлер ауыр сырқат - лейкоз, яғни қатерлі ісік деген диагноз қойған деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: GazetaIrkutsk.ru

Фото: GazetaIrkutsk.ru

Бастапқыда ол буындарының сырқырап ауырғанын айтып, шағымданып жүріпті. Қазір денсаулығы сыр берген Тұмар анасымен Оңтүстік Кореядағы ауруханалардың бірінде жатыр. Алғашқы химиотерапияларын алған оның беті бері қарап келеді. Бірақ емді жалғастырып, жұлынға ота жасату үшін Найзабековтар отбасына 365 мың АҚШ доллары қажет.

Қазір баланың әкесі мен жақындары бағалы мүліктерін сатуға қойған. Алайда, одан түскен қаражаттың өзі Тұмарды сауықтыруға жетпей тұр, дейді әкесі.

"Дәрігерлердің сұраған ақшасы ол баланың алатын химиотерапиясының санына байланысты болып тұр. Осы уақытқа дейін жинаған барымызбен, қайырымды жандардың көмегімен емдетіп жатырмыз. Дегенмен, алда бізге қомақты қаражат керек. Қазір екінші химиотерапияға ғана ақша жетеді. Сондықтан барлық қолы ашық жандардан біздің ұлымызға көмектесулеріңізді сұраймын", - деді Рамазан Найзабеков.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
2
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel