RU

Алматыда бірнеше ірі көшелер уақытша жабылатын болды

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше ірі көшелер уақытша жабылады деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда бірнеше ірі көшелер жабылатын болды
Алматыда бірнеше ірі көшелер жабылатын болды: UGC

Бұл жайында Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Гагарин көшесінде асфальт төсеу жұмыстары басталатындықтан, әл-Фарабиден Березовский көшесіне дейін 27 сәуір күні таңғы 07:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жабық болады.

Сондай-ақ Березовский-Өтепов көшелері 28 сәуір күні, Өтепов-Тимирязев көшелері 29 сәуір күні жабылады.

Аталмыш көшелермен жүретін көлік иелеріне алдын-ала ескерту жүргізілуде. Сондай-ақ қоғамдық көліктер Розыбакиев пен Жароков көшелері арқылы төменге түседі.

Трамвай жолдарын алатындықтан 28 сәуір мен 13 мамыр аралығында Жароков көшесінің Абай мен Сәтпаев аралығындағы қиылыстары жабық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728988-almatyda-birnese-iri-kseler-uakytsa-zabylatyn-boldy.html