RU

Тоғыз жасар бала өз-өзін тапаншамен атып алды

Владивостокта тоғыз жасар бала өз-өзін тапаншамен атып алды деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Газета «Хакасия
Фото: Газета «Хакасия: UGC

Ол суық қарумен ойнап отырып, өз басына оқ атқан. Травматикалық тапаншаны үйдің үлкендері қалдырып кеткен екен.

Бала жарақат алғанымен аман-есен. Оны дереу ауруханаға жеткізген. Қазір ол дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған.

Айта кетейік, оқиғаның мән-жайын құқық қорғау қызметкерлері анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728990-togyz-zasar-bala-z-zin-tapansamen-atyp-aldy.html