RU
БАҚ: Трамптың серіктесі Әблязов пен Храпуновтан 21 млн доллар алған
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Трамптың серіктесі Әблязов пен Храпуновтан 21 млн доллар алған

Рассказать Вконтакте

Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сатер Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов қолды еткен ақшаны жымқыруға көмектескені үшін 21 миллион доллар алған. Бұл туралы сот алқасының құжаттарына сілтеме жасаған New York Daily News хабарлайды.

Виктор Храпунов, Феликс Сатер, Мұхтар Әблязов. Коллаж NUR.KZ (фото kazday.kz, ABC NEWS и rus.azattyq.org)

Виктор Храпунов, Феликс Сатер, Мұхтар Әблязов. Коллаж NUR.KZ (фото kazday.kz, ABC NEWS и rus.azattyq.org)

Басылымының мәліметінше, Ресей тумасы Сатер 30 миллион долларға Цинциннатидегі Tri-County Mall сауда орталығының қарызын сатып алуға атсалысқан. Ол 2013 жылы аукционда қытайлық APIC компаниясына 45 миллион долларға сатылған болатын.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, Сатердің үстінен арыз түсіп, ақша жымқыруға қатысты бір компаниядан 43-45 миллион долларды 2013 жылғы мәмілеге дейін ұстап қалды деп жазылған.

Бұл келісімнің нақты шарттары құпия сақталып отыр. Алайда БАҚ өкілдерінің қолына тиген сот отырысының құжатында Сатер "өзі ұстап қалған ақшаның көп бөлігін" иемденіп алғаны көрсетілген.

"Яғни ол 21,5 миллион доллардан көп ақшаны қалтасына басқан", - деп жазады басылым.

Сатердің өзі бұл іске пікір білдіруден бас тартып отыр.

Еске салсақ, осыған дейін БАҚ Храпунов пен Әблязов ресейлік Сатерді өзінің жақтасы ете отырып, Қазақстаннан ұрланған ақшаны танзаниялық FBME Bank Ltd-де сақтап отырғанын жариялаған. Аталмыш банктің жұмысы өткен жылы тоқтатылды.

Сондай-ақ, Храпунов пен Әблязовқа ұрланған ақшаны жасыруға көмектесті деп айыпталған америкалық девелопер Джозеф Четрит БТА банкіне 40 миллион доллар қайтаруға келіскен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
3
1
4
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel