RU
Қасиетті Құранды жатқа оқыған 11 жастағы балақайға ел таңдай қақты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қасиетті Құранды жатқа оқыған 11 жастағы балақайға ел таңдай қақты (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше республика көлемінде Құран жаттау және мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Жетінші рет өткізіліп отырған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жетпіске жуық қари қатысты. Іс-шараға NUR.KZ журналисі арнайы барып қайтқан болатын.

Кенешбек Қуаныш

Кенешбек Қуаныш

Республика көлемінде жетінші рет ұйымдастырылып отырған Құран жаттау және мәнерлеп оқу жарысы соңғы үш жылдан бері өткізілмеген. Осы жылы Алматы қаласының жаңа өкіл имамы Еркінбек Шоқайдың бастауымен қайта ұйымдастырылды.

Сайыстың он пара Құран жаттау номинациясы бойынша Алматы облысының атынан қатысқан небәрі 11 жастағы Кенешбек Қуаныш бірінші орынды иеленіп, бір миллион теңгемен марапатталды.

Әкесінің айтуынша Қуаныш жастайынан зерек болған, тіпті бес жасында бірінші сыныпты аяқтаған. Сегіз жасынан бастап Құран оқуды үйренген. Кішкентай Қуаныш сайыстан алған жеңісін үйіндегі Құранды толығымен жатқа білетін әжесіне арнайтынын айтты.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

"Осы жеңісімді үйде отырып, мен үшін дұға қылып отырған қари әжеме арнағым келеді", - деді.

Сонымен қатар ол өзінің ұстаздарына алғысын білдірді. Зерек бала бір миллион ұтысын әзірге қайда жұмсайтынын шешпегенін айтты. Сөз соңында жеңімпаз болашақта үлкен ғалым болуды армандайтынын атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
27
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel