RU

Қазақстан әнұранын баянмен беріле айтқан шетелдік дипломат елді тәнті етті (видео)

Нидерландыдан келген дипломат Астанада Қазақстанның әнұранын баянға қосылып, жанды дауыста шырқады деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Әнұран Астанадағы Нидерланды елшілігін ресми қабылдай барысында орындалған. Жиынға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен голландиялық елші Дирк Ян Коп та қатысқан.

Шетелдік елші әнұран айтқан видеоны журналист Күлпаш Коңірова өзінің Facebook парақшасында жариялаған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов видеоға пікір білдіріп, әнұранды өте ерекше роындағанын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729033-kazakstan-nranyn-baanmen-berile-ajtkan-seteldik-diplomat-eldi-tnti-etti-video.html