RU
Шымкенттік белгілі ақын өзін ренжіткен Қайрат Нұртасқа өкпесін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік белгілі ақын өзін ренжіткен Қайрат Нұртасқа өкпесін айтты

Рассказать Вконтакте

Талай хит әндердің мәтінін жазған Құрманай Бақтиярқызының Қайрат Нұртасқа деген өкпесі қара қазандай. Хитмен концерт не той кезінде ән авторларын атамайтын көрінеді. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ақын біраз әншілердің шынайы бетпердесін ашты.

Танымал қазақ ақыны өзін ренжіткен Қайрат Нұртасқа деген өкпесін айтты

Құрманай Бақтиярқызы

«Менің ренішім бар. Қайрат Нұртас пен Әлішер Кәрімов әндердің авторын айтуды ұмытып кетеді. Ол әндердің өлеңін мен жазғанмын. Мысалы, Мақпал апам тойдың ішінде әндердің авторларын айтады. Біздің өлеңімізді айтып жүріп, той былай тұрсын, концертте де атымызды атамайды. Мүмкін олар ұмытып қалатын шығар ән авторларының кім екенін. Мүмкін олардың директорлары жұмыс істейтін шығар. Мақпал апамыздан үлгі алса екен.

Бұрынғы апаларымыздың барлығы авторларын айтқан. Өйткені, Алладан кейін авторлардың арқасында дүниеге келген ән композитордың сәбиі болса, сөз менің сәбиім. Мен бар кезде әрине айтады. Мені көріп тұрады ғой. Мен жоқ жерде айта бермейді.

Мақпал апам қасында авторлардың ешқайсысы жоқ болса да, айтып жүр ғой. Мен концертіне барсам ғана айтады. Кейбір кездерде айтпай қояды. Кейде ұмытып кететін шығар. Бірақ авторларды ұмыту мүмкін емес. Құлақтарына алтын сырға!», - дейді Құрманай Бақтиярқызы.

Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алматының түндері-ай» хитінің авторы арзанқол ақындардың қатарынан емеспін дейді. Бірақ Бақтиярқызының көңілін тапқан әнші көңілге қонымды мәтінді жаздырып алады екен.

«Мен арзан емес екенімді білемін. Кейде саудаласып жататын әншілер болады. Кейде саудаласпай, шынайы ниетпен, егер менің көңілімнен шықса, қаламақыны одан асырып беремін дейтіндер болады. Сондықтан әркім әртүрлі. Бес саусақ бірдей емес қой. Жағдайын айтқан кезде түсінуге тырысамын», - дейді Бақтиярқызы.

Құрманайды тосын-сыймен қуантатын жұлдыздар да жетерлік көрінеді. Жақында бейтаныс жан ақынға су жаңа көлік мінгізсе, енді әншілердің көмегімен баспаналы болуды армандап жүргенін жасырмады.

«Машина, пәтер алғанды жақсы көремін негізі. Әзірге пәтер ешкім берген жоқ, көлік берді. Кімнің сыйлағанын айтпаймын. Ол құпия. Ол кісі өзі жария қылуды қаламады. Алдағы уақытта пәтер беріп жатса, шын алғысын білдіріп, осындай қыздарымыз деп қадірімізді біліп жатса, неге халықтың ортасында еркелеп, берген дүниені алмасқа», - дейді Құрманай.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
41
4
7
2
2
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір