RU
Дезодорантты құшырлана иіскеген 15 жастағы оқушы тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Әлемде

Дезодорантты құшырлана иіскеген 15 жастағы оқушы тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Люберц қаласында мерт болған 15 жастағы оқушы қыздың ісімен тергеушілер айналысып жатыр. Олар құрбысының үйінде табылған марқұмның жанында аэрозольді баллоны мен пакет жатқан деп хабарлайды Life.RU сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ орталы.

Көрнекі фото: Life.Ru

Көрнекі фото: Life.Ru

Алдын ала мәлімет бойынша, қыздар дезодорантты иіскеп, есірткінің күшіндей әсер алғысы келген. Бірақ бірнеше рет иісті ауаны жұтқаннан кейін олардың бірі есінен танып, көз жұмады.

"Аталған іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Әзірге белгілісі, марқұм қыз мектептен кейін құрбысының үйіне қонаққа барған", - дейді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Осыған дейін тоғыз жасар тағы бір ресейлік бала дезодорант иісіне тұншығып өлген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel