RU
Мәскеуде тағы бір әйел пластикалық отадан көз жұмды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Мәскеуде тағы бір әйел пластикалық отадан көз жұмды

Рассказать Вконтакте

25 сәуір күні Мәскеудегі жекеменшік клиникалардың бірінде тағы бір әйел пластикалық ота жасатамын деп қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: LiveInternet

Көрнекі фото: LiveInternet

"Тройцк көшесіндегі жекеменшік клиникада 29 жастағы әйел мұрнына пластикалық ота жасатып қайтыс болды. Осыған қайтысты қылмыстық іс ашылып, барлық құжаттар тексеріліп жатыр", - дейді құқық қорғау органы өкілдері.

Басылым мәліметтеріне сәйкес, марқұм мұрнына екінші рет пластикалық ота жасатқаннан кейін 12 сәуірден бері аталмыш клиникада "атипті гемолитикалық-уремикалық синдром" диагнозымен қабылдап жатқан.

Оның жағдайы бірден нашарлап кеткен соң, реанимация бөліміне ауыстырылған. Алайда оған дәрігерлер қанша көмектескенімен, өмірін сақтап қала алмапты.

Енді тәртіп сақшылары клиника қызметін пайдаланып, жапа шеккен бұдан басқа да адамдар жоқтығын тексеріп жатыр.

Еске салсақ, сәуір күні Мәскеуде 32 жастағы әйел төсіне пластикалық ота жасатып жатып көз жұмған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel