RU
Жыныстық қатынастан бас тартқан ерлер мезгілсіз өлімге душар болуы мүмкін
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жыныстық қатынастан бас тартқан ерлер мезгілсіз өлімге душар болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Америкалық ғалымдар мүлде жыныстық қатынасқа түспейтін ер азаматтар мезгілсіз өлімге душар болуы мүмкін екенін айтып дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы fakty.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: fakty.ua

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: fakty.ua

Зерттеушілер жыныстық тұрғыдан қанағаттанбаған ер азаматтардың денсаулығы сыр беріп, ерте қартаятынын айтуда.

Олар мұндай тоқтамға дрозофилдерге жүргізілген тәжірибе барысында келген. Аталмыш жәндіктер жыныстық қатынасқа түспей қалған жағдайда салмақ жоғалтып отырған.

Одан бөлек жәндіктер күйзеліске ұшырап, тіршілік ету уақыты да қысқарыпты. Осы орайда ғалымдар ер азаматымен жыныстық қатынасқа түсуге құлшыныс танытпайтын нәзік жандыларға ескерту жасады.

"Егер күйеуіңіз ерте қартайып, денсаулығы күрт нашарлағанын қаламасаңыз, оның жыныстық қалауын қанағаттандырып отырғаныңыз абзал", - дейді зерттеушілер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
5
4
0
1
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel