RU

Пластикалық отамен адам танымастай өзгерген ресейлік жұлдыздар кімдер?

Бүгінгі күні әйелдер қауымы еріндері мен көздерін үлкейтіп, ал мұрындарын шамадан тыс кішірейтіп әлекке түсуде. Заманауи көзқарастағы арулар табиғи сұлулыққа қарағанда пластикалық ота арқылы қол жеткізілген мінсіз мүсінді таңдайды деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ресейлік шоу-бизнестегі бірінен-бірі асқан хас сұлулар да пластикалық хирург көмегіне жиі жүгінетіндер қатарында.

Алайда олардың кейбірі ота жасатқанын мойындаса, қалғаны шындықты жасырып әлектенеді. Осыған орай, бет-әлпетін хирургтарға тапсырып, өзгерткен ресейлік арулар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Алена Шишкова

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Көпшілікке Тиматидің бұрынғы сүйіктісі ретінде танылған ару бет-әлпетін күрделі өзгеріске ұшыратқан. Ол Ресейдегі 2012 жылғы сұлулық байқауынан кейін бірқатар пластикалық ота жасатқан болып шықты.

Мария Горбань

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Танымал ресейлік актриса аздаған уақыт аралығында сүйкімді қыз образын өзіне деген сенімділігі мол әйел бейнесіне ауыстырып алған. Сыншылар мұндай елеулі өзгеріс кәсіби пластикалық хирург еңбегі деседі. Алайда, ота жөніндегі сұрақтарға актриса жауап беруден бас тартады.

Виктория Лопырева

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

"Ресей аруы-2012" Виктория Лопырева бүгінгі күні адам танымастай өзгерген. Мінсіз мүсінге ие арудың бұрынғы суреттеріне қарап, екі түрлі адамды көргендей әсер болады. Себебі Викторияның бет-әлпеті айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Ресейлік хас сұлу пластикаға жүгінгенін ашып айтпады, бірақ сұлулықты сақтап тұратын процедура жасайтынын жоққа шығармады.

Оксана Самойлова

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Рэп орындаушы Джиганның әйелі де өзінің мінсіз мүсініне пластикалық оталар арқасында қол жеткізген. Оған арудың бұрынғы суреттері дәлел болмақ.

Анастасия Решетова

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Тиматидің қазіргі сүйіктісі, рэпердің бұрынғы ғашығы сияқты сұлулық байқауынан кейін бірден өзгеріп шыға келді. Оның трансформациясының да себебі - пластикалық хирургия арқасы. Анастасия мен Джиганның жұбайы Оксана бір қарағанда егіз іспеттес көрінеді. Жалпы қоғамда бір-біріне ұқсайтын бойжеткендер көбеюде.

Кристина Сысоева

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Танымал ресейлік кәсіпкердің әйелі болса пластикалық оталарды шамадан тыс қолданғандар қатарына жатады. Оның бет-әлпетіне енгізген өзгерістері тым жасанды көрінетінін желі қолданушылары Кристинаның өзіне ашық айтып жазатын болған.

Мария Погребняк

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ресейлік футболшы жұбайының азғантай уақыт аралығында беті кішірейіп, ернінің пішіні керісінше улкейіп кеткен. Оны байқағандар Марияның пластикалық хирург көмегіне жүгінгеніне нық сенімді.

Алекса

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Алекса пластикаға ерте жүгінген арулардың қатарына жатады, Әнші 18 жасында-ақ бет-әлпетін өзгертуге күш сала бастаған.

Айза Анохина

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Айза басқа ресейлік арулар сияқты пластикалық оталарын жасырмайды. Керісінше ол жасатқан немесе болашақта жасатпақ болған операцияларын өз оқырмандарымен ашық бөлісіп отырады.

Евгения Феофилактова

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Танымал ресейлік бағдарлама қатысушысы жобадан кеткеннен кейін адам танымастай өзгеріп шыға келді. Ол шашының түсінен бөлек, бетін елеулі өзгеріске ұшыратқан. Оның мұндай айқын өзгерістері кәсіби пластика арқасы екені айдан анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729080-plastikalyk-otamen-adam-tanymastaj-zgergen-resejlik-zldyzdar-kimder.html